Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

500 қой селге ағып кетті: Әкімдік неге шығын санын кемітіп отыр?

10:40, 03 шілде 2024 463

Жамбыл облысы Шу ауданында нөсер жауынның соңы селге ұласып, 500-ге жуық қой суға ағып кетті, деп хабарлайды Alash.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

30 маусымда Шу аудынындағы Ақтасты елдімекенінің маңындағы таулы аймақта нөсер жауын селге айналып, шаруа қожалығының қойларын ағызып әкеткен. Суға кеткен шаруашылықтың иесі отардағы 485 қойдың жайылымда өліп жатқанын айтты деп жазды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті әкімдік арнайы комиссия құрып, шығынды есептеп жатыр. Жайылымды аралап, екі жүзге жуық қойдың өлексесін тапқан. Шығынға батқан шаруаға мемлекеттен өтемақы төленбек.

“485 бас мал шығыны болды деп өзі айтып отыр. Бірақ біз ауданның ветеринария қызметі және ауыл жастарымен өлген малдың өлексесін санағанда, 192 тұяқ қой өлексесі табылды.

Бүгін тағы мал іздестіріп жатырмыз. Малдың бәрін тапқаннан кейін, оның базадағымен салыстырып, қанша шығын шеккені туралы комиссия құрылып, жұмыс жалғаса береді”, – дейді Шу ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар