Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

8 млн теңге: Ұлыбританая премьер-министрі Назарбаевтан алған орденді сатып жатыр

11:25, 21 қазан 2024 1573

Маргарет Тэтчердің Қазақстаннан алған «Достық» ордені сатылымға шығарылды, деп жазады Alash.KZ.

Аукциондағы бастапқы бағасы –12 500 фунт (8 млн теңге).

«Достық» ордені Тэтчерге 2001 жылы берілген.

t.me/atamekenbusiness арнасының жазуынша, сатылымға шыққан түсініктемеде “Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маргарет Тэтчердің жанкүйері болған, олар 1991 жылы кездесу өткізген” деп жазылған. 

Сол жылы 31 тамызда Токиоға лекция оқуға шыққан Тэтчер жолда Алматыға соққан. Назарбаев Тэтчерге елдің кеңестік политбюродан шыққанын, еркін нарықтық экономикаға бағыт алып отырғанын айтқан.

Айта кетейік, «Достық» ордені 1995 жылы бекітілген. Оны АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, БҰҰ бұрынғы басшысы Пан Ги Мун, Сингапурдың бұрынғы басшысы Ли Куан Ю алған.

Маргарет Тэтчер 1979-1990 жылдар аралығында Ұлыбританая премьер-министрі қызметін атқарған. Тарихта оны «Темір әйел» деп атап кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?