Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

890 мың азаматтың қарызы коллекторларға сатылған

14:33, 06 наурыз 2024 351

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың несиелерін коллекторларға сатуға тыйым салынады. Бұл туралы Мәжілісте өткен жиын барысында айтылды. 

Соңғы жылдары банктер мен микроқаржы ұйымдары өз баланстарын тазарту үшін жеке тұлғалардың проблемалық несиелерін айтарлықтай жеңілдікпен коллекторларға сататын тәжірибе қалыптасты.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша коллекторларға 382 млрд теңге сомасында 890 мың азаматтың қарызы берілген. Өз кезегінде коллекторлар қарызды қайта құрылымдамай, оның барлық сомасын өндіріп алады. Сондықтан қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін жеке тұлғалардың несиелерін коллекторлық агенттіктерге сатуға шектеу енгізіледі.

Енді төлеу мерзімі өткеннен кейін 24 ай асқанда және қарызды реттеу рәсімінен кейін ғана проблемалық несиелерді сату мүмкін болады.

Ал осыған дейін коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың қарыздарын реттеу рәсімдерін жүргізуге коллекторлар тікелей міндетті болады.

Оның ішінде коллекторлар қайта құрылымдамай, берешектің барлық сомасын өндірумен айналысып жатқан қарыздар да бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар