Тоқаев 9 жасар Дәуленге өз атынан алғыс хат берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Алғыс хатты Алматы қаласының әкімі табыстады.
Дәулен әлеуметтік желіде су басқан өңірлердің суретін көріп, көмектескісі келген.
Солай 3-сынып оқушысы олимпиадаларға қатысып жинаған қаражатын су тасқынынан зардап шеккендерге аударған.
Президент Дәуленнің игі ісін жоғары бағалап, оны нағыз отансүйгіштіктің үлгісі деп атады.