Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«95 келі болдым. Күйеуім толықтығымнан ұялатын»: Зарина Омарова ешкімге айтпаған сырын ақтарды

19:48, 03 қараша 2024 1370

Әнші Зарина Омарова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында үйде отырып, 95 кг салмаққа қалай жеткенін білмей қалғанын және күйеуінің оны қасына ертуден ұялғанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Қалай салмақ қосып алғанымды білмей қалдым. Күнде үйдесің, таңертеңнен кешке дейін ас бөлмесінен шықпайсың. Балалар бар. Сондай бір кезең болды. Соны істеу керек болды. Бір күні қонаққа бардық. Мен дәумін. 95 келі. Сол жерде күйеуім маған қарады да, “Ана жаққа барып отыршы” деді. 20 минуттан соң жүргізуші шақырып, үйге бардым. Таң атқанша жыладым», — деді әнші.

Ол күйеуіне ренжімегенін, бұл жағдайға өзі кінәлі екенін жеткізді. Сонымен қатар күйеуі екеуі Зарина арықтаған жағдайда оған сахнаға шығуға рұқсат беретініне бәстескенін, осылайша алты айда 95-тен 60 килограмға арықтағанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?