Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абақтыдағы ансамбль. Әбдіжаппар Әлқожа мен Роза Әлқожаның ұлы 10 тәулікке қамалды

19:28, 06 шілде 2024 3581

Қазақстанда белгілі эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталып, 10 тәулікке қамауға алынғанын Алматы облыстық соты растады. Сонымен қатар көлікті мас күйінде жүргізгені үшін әнші Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс та 10 күн бойы күннің көзін көре алмайды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Бұл туралы Алматы облыстық сотының телеграм-арнасында ақпарат жария болды.

6 шілде күні Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында А.Б.-ға қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды. Іс жағдайларынан белгілі болғандай, 2024 жылғы 5 шілдеде сағат 23:50 шамасында А.Б., көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, Қонаев қаласы, Рауан ықшам ауданы, Речниковая көшесінде орналасқан демалыс аймағының жанында «Toyota Camry» маркалы автокөлігін басқарған, - деп жазылған сот таратқан мәлімете.

Әбдіжаппар Әлқожаның өзі басқа KIA Carnival көлігінде жолаушы болған. Ол сол сәтте тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтірген. Сонымен бірге, әнші мас болған. Нәтижесінде, көлік құралын басқару құқығынсыз басқарғаны үшін "Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот шешімімен KIA Carnival көлігінің жолаушысы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа да тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Кеше белгілі әнші Қайрат Нұртастың 5 тәулікке қамауға алынды. Өнер иесі ұшақта жолаушының бірімен төбелескені үшін айыпты болды.

Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алған үшін бес тәулікке қамалған танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов бостандыққа шыға сала концерт қойды. Ол өз орнына Қайрат Нұртастың кеткенін айтты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?