Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай Бегей 9-сынып бітіріп күйеуге қашып кеткен қызын кері алып келген

10:27, 15 тамыз 2024 710

Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы танымал блогерлер отбасына келін болды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Қуанышты хабарды әлеуметтік желіге Абай Бегейдің әйелі хабарлады.

“Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты… Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір-ақ күн қалғанда, "үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті" деген хабар жетті… Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік.


Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі: "Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін" деді. Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп әкесінің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкесі де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойланып, "Келген ел көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен. Қызымның таңдауын құрметтеймін" деп батасын берді”, – деп жазды Фариза Жұманова.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар