Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Адай жылқысының мәртебесі айқындалып, бренд куәлігі берілді

07:45, 29 қаңтар 2024 264
Қазақтың тектілігін, тарихын танытатын төл белгінің бірі жылқы десек, ұлт ретінде әлемдік аренада одан әрі ұлықталуымыз үшін жылқының брендке айналуы - көңіл құптарлық іс. Соның ішінде Адай жылқысының терең тарихы оның бренд болуына әбден лайық екенін көрсетеді. 2 жыл бұрын Маңғыстау облысына сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адай жылқысын дербес тұқым ретінде тануды тапсырды. Осы тапсырмадан кейін бірқатар зерттеу жұмысы жүргізіліп, тіпті мемлекеттік комиссия да құрылды. Бүгінде бұл істе маңызды нәтижелер бар. Оған өңірдің қариялары да дән риза, - деп хабарлайды alash.kz.

Биыл 2 жыл бұрын бастау алған ақжолтай хабар өз жалғасын тауып, "адай жылқысы" брендін пайдаланудың айрықша құқығын растайтын куәлік табысталды. Енді "адай" тұқымды қазақ жылқысының ерекше қасиеттері енді заңды түрде бекітіліп отыр. Осы тұста өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ардагері Даржок Сейбағытов та игі бастамаға орай алғысын білдірді.

"Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза Маңғыстау халқымен кездескенде осы әңгімені көтерді. Ол кісі жылқыны бренд қылып, асыл тұқымын заңдастыруымыз керек дейтін тапсырма берді. Соның арқасында бір 2-3 жылдың ішінде шаруа бітті. Кеше халықты жинап, осында ғалымдар келіп, істеген істі, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындағанын жария етті. Біз соған разымыз және рақмет айтамыз. Қазақтың арманы орындалды!" - дейді ол.

Айта кетейік, Адай жылқысы - қазақ өте ертеден салт мінетін жылқы тұқымдарының бірі. Оның ерекше қасиеті, төзімділі жөнінде айтылатын ел ішінде аңыз-әңгіме көп. "Қазақтың адай жылқысы Арал-Каспий ойпатының аумағында жергілікті жылқы популяциясының көпжылдық халық селекциясы негізінде қалыптасты. Бұл тұқымның жылқылары жергілікті қатал табиғи-климаттық жағдайларға жақсы бейімделген. Сыртқы ерекшеліктерге айрықша төзімді және күтіп-баптау жағдайларына тез бейімделеді", - деп жазылған Маңғыстау облысы әкімдігі хабарламасында.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар