Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Адамгершілікпен тоқтаттық: Шерзаттың әкесінің таяқ жегені рас па?

15:47, 15 қазан 2024 1717

Талғардағы трагедияға байланысты бүгін брифинг өтті. Stan.kz редакциясы брифинг кезінде Самат Аисовтан неліктен жәбірленушілердің ата-анасынан жауап алынбай жатқанын сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

"Қазір күдіктілерден толық жауап алынды. Қазіргі жоспарда бар. Алайда әзірге жәбірленушілерден жауап алуды адамгершілік тұрғыда тоқтата тұрдық”, – деп жауап берді Самат Аисов.

Сонымен қатар тілші "Кеше сіздер көрсеткен видео әлеуметтік желіде тараған. Бұдан кейін әкесі мәлімдеме жасады. Халықтың бәрінің назары сонда. Оқырмандар әкесінің беті көгерген, мұрны қисайған деп алаңдаушылық білдіріп жатыр. Әкесін қорқытып, қоқан-лоққы көрсетіп жатыр ма?" деп сұрақ қойды.

"Мұндай жағдай болған жоқ. Таңертең ғана облыс прокуроры Берік Адамов жәбірленушінің адвокатымен сөйлесіп, бүгін түсте түсініктеме береміз деп айтты. Осы бойынша дәлелдерді зерттеп, нақты ақпарат береміз. Бұған дейінгі қылмыстық істегі құрам бойынша түсініктеме аламыз", – деді Бауыржан Әлеков.

Сонымен қатар Самат Аисов бұған дейін белгісіз көліктер келіп қорқытқаны жөнінде Қылмыстық кодекстің 115-бабына сәйкес іс қозғалғанын қоса кетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар