Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әділетсіздік: Ұлттық олимпиада комитеті Мұхамедсабыр үшін PBU-ға арыз түсірді

09:49, 02 тамыз 2024 562

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули жекпе-жегіндегі түсініксіз жайтты ресми түрде түсіндіруге PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

«Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз. Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар