Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қаба сақал, қырма мұрт»: Қазақ спортын қашан, қалай жаулап алған?

23:49, 29 шілде 2024 3086

Париж Олимпиадасында алтыннан алқа таққан Елдос Сметов пен қола алған Ғұсман Қырғызбаевтың жүлдесінен кейін әлеуметтік желідегі оқырмандар арасында қызу талқы басталып кетті деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порты.

Ол қандай талқы? Зерттеп көрдік.

Тартысқа толы пікірталастың өзегі палуандардың діни ұстанымдары хақында көрінеді. Өйткені, Сметов тұғырға көтерілмей жатып экс депутат Бекболат Тілеухан мен Мұхаметжан Тазабек палуанмен бірге түскен суреттерін жариялап, сүйінші сұрай бастады. Тілеухан мен Тазабек араласқан соң, оқырмандар бірден іш тартып қалғаны рас.

«Спортшы – діни идеологиялардан қорғауға мұқтаж адам!»

Айтайық, Ербол Жанатұлы есімді фейсбук қолданушы былай депті:

«Танымал спортшыларды "қаба сақал, қырма мұрт" қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды. Мемлекеттің, салық төлеушілердің қаржысымен бала кезден бапталып, биікке жеткен спортшы – халық өкілі, халық перзенті. Ондай дайын "өнімді" Бекболат, Мұхаметжандар өз "дінінің" пиарына пайдаланып жатқанына мән бермейміз. Бұл — жас спортшыларға жасырын месседж. "Біздің діндегілер ғана осындай жетістікке жетеді" деген ым. "Мықтылардың бәрі біздің қатарымызда!" деген ишара» деп ашынады автор.

Жанатұлының сөзінің жаны бар. Себебі, «батыр – аңғал» дегендей, көп жағдайда спортшылар аңғал, аңқау келеді. Айналасындағы саяси, діни мәселелерге бас қатырып мән бермейді, сараптап, саралай алмайды.

«Спортшы – көбіне мұндайлардың ара-жігін ажырата алатын сана иесі болмайды. Спортшы – көп шыныққан дене, тәсілдерді көп қайталап, бапталған тән иесі. Оның 24 сағатының көп бөлігі физикалық дайындыққа жұмсалған. Спортшы – діни идеологиялардан қорғауға мұқтаж адам! Жат діни идеологиядан бәрімізді қорғаушы – мемлекет!» деп, автор діни топтар шырмауына алған спортшыларға араша түсіпті.

Әлеуметтік желіде палуандардың тағдырына алаңдаған жанашырлардың қатары қалың. Қайсыбірінің сөзін теріп отырамыз?..

«Спортты Тілеухан мен Тазабектерден тазарту қиын»

Ал біз тәуелсіз дінтанушы Тұрарбек Құсайыновтан спортшылар мен оларды қатарларына қосып алған кейбір діни топтар мен олардың көшбасшылары, мақсат-мұраттары туралы сұрадық.

- Менің білуімше, Елдос бауырымыздың "Таза Исламды" қабылдап бес уақыт намазға жығылуына себепші болған – мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек тұғын...

Қалай десек те ұлттық идентификация діннен жоғары тұруы керек. Сондықтан Елдос Сметовты Олимпиада чемпионы қылған оның ұстанған діні немесе намазхан бауырларының дұғасы емес. Палуанды жеңіс тұғырына көтерген – жүйелі һәм қажырлы жаттығудың арқасы – дейді кейіпкеріміз.

 

-Жалпы, өнер мен спортта жүрген белгілі азаматтарды діни мақсатқа пайдалану неге соншалық белең алып барады?

-Бұл бүгін ғана белең алған жағдай емес, бұған біраз уақыт болды. Бұлар туралы дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутайұлы да шырылдап айтып жүр. Спортшы кім? Ол денсаулығы мықты дайын жауынгер. Ал әнші-әртістер қоғамға белгілі, танымалы адамдар. Радикалды діни ағымдар үшін осының екеуі де керек. Біреуі ұрыс, соғысқа, екіншісі насихатқа, жұртты сендіріп, қатарларын көбейтуге.

Палуандардың бәрі дерлік дінге кіріп кеткен. Аралас жекпе жектегі, бокстағы жігіттерді қараңыз, «шолақ балақ, қаба сақал, қырма мұрт». Кешегі Сметов пен Қырғызбаевтың туыстарын, әйелдерін қараңыз, хиджабта. Оларды әлеуметтік желіде жариялап, телеарнадан көрсетіп жатқанда, редакторлар діни ағымдардың жұмысын жасап отырғандарын өздері түсінбей қалған ғой. Соған ішің ашиды екен.

Бұл қауіпті тендеция. Мұны ретке келтіру өте қиын. Оған мемлекет жүйелі жұмыс жасамаса, ҚМДБ-ны реформаламаса, ертең өкініштен бармағымызды шайнап отырамыз. ҚМДБ-ға меніңше Қайрат Жолдыбайұлы, Қайрат Лама Шариф, Асқар Сабдин сияқты дінтанушы, ғалым, реформатор жігіттер келмей, радикалдардан тазару қиын. Ал спортты Тілеухан мен Тазабектерден тазарту одан қиын болғалы тұр.

 

 

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар