Мәжіліс депутаты Азат Перуашев АЭС салуға қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«АЭС-ке қарсы шығып жатқандар «қолымыздан келмейді», «біз қазақпыз», «оны еуропалықтар істеуі керек» дейді. Бұл өз ұлтына сенімсіздік. Мен онымен ешқашан келісе алмаймын. Қазақ халқы тек қана мал бағатын халық емес. Біздің қолымыздан технология, білім, жауапкершілік келеді. Өз елімізге сенуіміз керек», - деді Азат Перуашев.