Алматы облысында анасы екі жасар мүгедек баласын ұрып өлтірді. Қайғылы оқиға Боралдай ауылында орын алған. Бұл деректі облыстық полиция департаменті растады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.
«Қазір қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.