Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Аяқ астынан ене образына кіріп, ақыл айту әбестік". Айгүл Иманбаева келініне ақыл айтатын енелерге ескерту жасады

11:34, 09 қараша 2024 611

Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева тағы тосын ой айтты. Бұл жолы өнер иесі ене мен келін тақырыбында сөз қозғап, келіндеріне ақыл айтатын енелерді сынап тастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Иә, мен өзім де келінмін. Қазіргі таңда өзім енемін. Келін мен ене тақырыбы қашан да өзекті. Көпшіліктен келіп жатқан “Келініңізбен қарым-қатынасыңыз қалай? Өзіңіз қандай келінсіз, қандай енесіз?” деген сұрақтарға жауап беруді жөн көрдім. Менің ойымша, ене болып аяқ астынан образға кіріп, бірден ақылгөйсіп, келінді тәрбиелеудің еш қажеті жоқ. 

Тәрбие 13 жасқа дейін баланың бойына сіңеді. 13 жастан кейін баланы тәрбиелемейді. Ақылы бар ата-ана онымен дос, сырлас болады. Менің келінім де өз отбасынан алған тәрбиесін бойына сіңірген адам. Ол менің баламмен бас қосты екен деп, аяқ астынан ене образына кіріп, ақыл айту әбестік деп санаймын, – деді әнші.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, Иманбаева «басқа шаңырақтан, басқа тәрбие көріп келген келін сенің үйіңе келгенде, сен өзіңді тәрбиелейсің» деген.

Қазақта «Санасына берсін» деген жақсы сөз бар. Әр бала өз отбасында қандай тәрбие көрді, соны өзімен бірге сенің үйіне алып келеді. «Менің балам күшті, келінім оңбаған» дейтін енелерге келіспеймін. Олай болмайды. Егер сен сондай келінді алсаң, ол жақсы болсын, жаман болсын, не өзің жақсысың, не өзің жамансың. 

Басқа шаңырақтан, басқа тәрбие көріп келген келін сенің үйіңе келгенде, сен өзіңді тәрбиелейсің. Егер ақылың болса. Оған ақыл айтып, жол көрсетіп, аяқ астынан ғұлама болудың қажеті жоқ. Бұл әрекет өте күлкілі әрі ақымақтық, – деді Айгүл Иманбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар