Танымал коуч Роза Әшірбаева психолог Төребек Бекбаевтың кейбір айтқан ақыл-кеңесіне шүйлікті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Психолог Төребек Бекбаев әйел адамның жұмыс істеуі туралы пікірін Impulse YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Ол өз сұхбатында еркек адамның неден әлсірейтінін жазды.
Әйел адам күйеуінің табысына араласпау керек. Әйел болып отыру керек. Бірақ күйеуінің табысы жетпейтін жағдай болады.
”Жоқ, оған әсер етеді. Еркек әлсірейді. Еркек ешкімнен, ешқашан көмек сұрамау керек. Еркек қарыз, бөліп алу, несие дегенді ешқашан, ешкімнен алмау керек. Еркекке тек маңдай тер жарайды”,- деді ол өз сұхбатында.
Роза Әшірбаева өзінің инстаграм парақшасында психологтың кейбір айтқан сөзіне келіспейтінін айтты.
Бірінші видеода спикер мырза отбасылық қаржы жетпесе әйелге жұмыс істеп, қарасуға болмайды дейді, еркек әлсірейді екен. Әйелдің жалғыз мақсаты - әйел болу керек екен. Мақұл делік. Бірақ екінші видеода әйел спикерге масштабты форум жасап, басқа әйелдердің ақшасын жинаған жақсы дұрыс дейді. Осы орайда менде бірнеше сұрақтар туындап тұр:
1. Әйел жұмыс істемесе, отбасылық бюджетке үлесін қоспаса, ер азаматты қолдамаса, отбасы қашан аяқтанады? Олар қалай бір адамның айлығына күн көреді? Бұл кедейлікке үгіттеу емес па?2. Масштабты форум жасау табандылық, қайраттылық және қажырлықты талап етеді. Әйелдік мақсатқа мүлде келмейді. Неге онда спикер бұл әйелге жасай бер, жақсы деп отыр?
3. Қаншама әйел маңдай тер еңбегімен тапқан ақшасына жаңа білім алайық деп форумдарға, тренингтерге барады. Сол ақшасын алып тұрып, оларға: ақша таппа, еркегің сен үшін әлсіреп кеткен - деп айту қаншалықты құрметке жатады?,- деді ол.