Журалистер Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құруға қатысты өткір сұрақ қойды. Олар төрағадан туған әкесі, қайраткер Сағат Әшімбаевтың аманаты жайлы нақтылады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Журналистер Әшімбаевтан: "Әкеңіздің идеясы аяқ асты болған жоқ па?", - деп сұрады:
Халықты шатастырмаңыздар... Орыс тілі ұйымының құрылуы қазақ тілінің дамуына кедергі келтірмейді, - деп жауап берді Әшімбаев.