Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әкесі жағынан туыстарының үйіне барған". Ақтөбе облысында үш жасар қыздың зорлағаны айтылды

11:01, 15 мамыр 2024 527
Ақтөбе облысында үш жасар қыздың зорланғаны туралы хабарланды. Бұл жайлы Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, қызының қандай күйге түскені жайлы #НеМолчиKZ қорына бүлдіршіннің анасы айтқан, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Құқық қорғаушының бүлдіршін анасының күдігін де хабарлады. Анасы күдікті жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Өйткені айыпталушы бұрын полиция қызметкері болған және әкімдікте басшының орнында отырғаны мәлімделді.

«Түнде бізге бір әйел келіп, үш жасар қызының зорланғанын айтты. Анасының айтуынша, әкесінің туыстарының үйіне барған қыз келгеннен кейін өзін ағасының ренжіткенін жеткізіп, үстінен шағымдана бастаған. Сөйтіп анасы баланы ауруханаға апарса, дәрігер жарақаты барын растайды. Анасы дереу полицияға арыз жазады, бірақ күдікті ақша төлеп құтылып кете ма деп қорқады. Оның айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болған, тіпті әкімдікте басшылықта отырған. Оны ауылдағылардың бәрі таниды, көбісімен байланысы бар. Ешкімге сене алмайсың. Оның үстіне анасы тергеу амалдарына баруға қорқады, өйткені ол өз өмірі мен қызының өмірінен қауіптенеді. Қызда психологиялық жарақат бар, мұны психолог растады»,- деп жазылған хатта.

Еске сала кетейік, біз бүгін Ақтауда оқушы қызды күзетшінің зорламақ болғанын хабарланған болатынбыз. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар