Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әкесі құлдықта, анасы “сатып” жіберген: Әркімнің үйін жағалап күн көрген бала студияда әке-шешесін танымады (ВИДЕО)

08:27, 10 қазан 2024 7692

14 жыл құлдықта болып, өз туған балаларынан айырылып қалған ер адам “Көреміз” ток-шоуына келіп тағдырын баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Редакцияға 14 жыл бойы жоғалып кеткен қайын інісін іздеп, жеңгей хабарласқан. Оның айтуынша, қайын інісі малдың артынан кетіп, балаларынан із-түссіз айырылып қалған.

Тараз тұрғыны Рая Алтынбекқызы жантүршігерлік жағдаймен бөлісіп, “Көреміз” редакциясынан жәрдем беруін өтінген.

Айтуынша, күйеуінің інісі осыдан 14 жыл бұрын ізім-ғайым жоғалған. «Алайда қайным таяуда табылса да, қасындағы кішкентай баланың қайда екені әлі күнге белгісіз»,-дейді!

Бағдарлама барысында құлдықта болған Әжімұрат есімді азамат 14 жыл бойы мал бағып, 2000-3000 теңге ғана алып отырғанын айтты. Өзі әріп танымайды, ақшаны тек түсінен ғана ажырата алажы екен. Студияға бірінші әйелі Ботагөз есімді келіншек келеді. Ол Әжімұраттан тапқан 2 баласын сатып жіберген деген күдікке ілінген.

18 жасқа толған үлкен ұлын 9 жыл бойы көрмесе, кіші ұлын 2 жасында танымайтын біреуге ұстатып жіберген. Студияға 18 жасқа толған ұлы келеді. Сорақысы ата-анасын танымайды. Осы уақытқа дейін әркімнің үйінде күн көріп келген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?