Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әкімнің баласы: Қарағанды облысында адам қағып кеткен жүргізуші айыппұлмен құтылды

13:31, 08 шілде 2024 556

Қарағандыда 15 жастағы қызды қағып кеткен әкімнің баласы айыппұлмен құтылып кетті деп, хабарлайды Alash.kz.

Құқықбұзушыға жүргізуші куәлігі қайтарылып, тек айыппұл салған. Жәбірленуші тарап сот шешіміне наразылық білдірді.

“Қызымды былтыр 25 қыркүйекте жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқанда қағып кетті. Көлікті Қарқаралы ауданына қарасты бір ауылдың әкімінің баласы жүргізген”, – дейді жәбірленушінің анасы.

Әйелдің айтуынша, жол апатынан кейін қызына іш жарақаты, полижарақат, ми шайқалуы, жабық бассүйек жарақаты, кеуденің және беттің жұмсақ тіндерінің жарақаты деген диагноз қойылған.
 
Десе де сарапшылар ауруханадан алынған медициналық құжаттарға қарап, жәбірленушінің жарақаты жеңіл деген қорытындыға келіпті.

Айыпталушының әкесінің айтуынша, ұлы көлікті мас күйінде жүргізбеген, өз ісінен жалтармады, тіпті сыбайлас жемқорлық ісі жоқ. Сондай-ақ сот Заң талаптарына сәйкес шешім шығарды дейді Қарқаралы ауылының әкімі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар