Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбыл облысының Сарысу ауданы жаңбыр суынан зардап шекті

09:40, 08 шілде 2024 703

7 шілдеде Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында қатты нөсерден кейін көлбеу ағын қалыптасып, тау бөктерінде орналасқан 200-ден астам үйдің ауласы мен 21 үйдің ішін су алды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтейді. 

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов келген. 

Қазіргі таңда тұрғындарға көмектесу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін жергілікті атқарушы органнан және төтенше жағдай департаментінен барлығы 50-ден астам адам, 17 бірлік техника жұмылдырылып, 11 мотопомпа және дрон қолданылуда.

жамбыл

"Жаңатас-Саудакент" тас жолы су басу қаупіне байланысты жабылды. Саудакент елді мекенінде арнайы техникалардың көмегімен бұрылыстағы суды тоқтату, бағытын бұру жұмыстары жүргізілген. Адам, мал шығыны жоқ.

Кейін су басқан ауылға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев барып, ахуалмен танысты. Әкімдік мәліметінше шығынды есептеу, қосымша нақтылау шаралары жалғасып жатыр. Зардап шеккен тұрғындар үшін қабылдау пунктері дайындыққа келтірілді. Азаматтарды тасымалдауға арнайы көліктер қарастырылған.

жамбыл

Ербол Қарашөкеев жедел штаб отырысында орын алған жағдайдың қайталанбауы үшін себебін зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

“Арнайы комиссия құрылып, тұрғындарға, зардап шеккен нысандарға заң талаптарына сәйкес барлық қажетті көмек, қолдаулар көрсетіледі. Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз”, – деді Қарашөкеев. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар