Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

15:06, 06 шілде 2024 529

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық тіледі",-деді Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы.

Өзбекстан президенті Назарбаевқа қоңырау шалған. Құттықтау барысында екі елдің көрші тұрып тату болғандығы, стратегиялық әріптестігі, одақтастығы жайлы сөз болған.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Бүгін 84 жасқа толды.Басқа ресми құттықтаулар әлі келген жоқ.

Халық Назарбаевты бұған дейін БАӘ-де, студенттермен кездесуде, көрген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?