Белгілі әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желі парақшасында озық ой айтып, балаларының қандай сыртқатқа шалдыққанын хабарлады. Адамнан жауыз тіршілік иесінің жоқ екенін сөз етті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Белгілі әнші өз ойын әлеуметтік желіде жазды:
"Кеш жарық болсын! Өскеменнен келгелі балалар ауырып, түнімен ұйқы жоқ. Байқағаным - мутацияға ұшыраған түрленген ковид жүр екен барлық жерде. Өйткені қай қалада болса да, диагноз бір. Тамақ іседі, қызуы көтеріледі, іші түйнеп ауырады, құсу, іш өту белгілері бар.
Сонда деймін де, адамнан (адам деуге келсе?!) жауыз тіршілік иесі жоқ екен ғой ғаламда?! Рахмет саған, иммунитет! Қандай ауру болса да жеңіп келеміз, шүкір! Алланың дегенін күтпей, қолдан дімкәс қоғам жасап, құр ділмарсыған ұрпаққа айналдық, ә?!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқырмандар да әнші сипаттаған ауру белгілерінің белең алғанын жазып, шағым айттып жатыр.