Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы арқылы Ресей мен Еуропаға заңсыз өтпек болған ауғанстандықтар ұсталды – ҰҚК

10:19, 20 наурыз 2024 348

Қазақстан аумағы арқылы Ресейге және одан ары Еуропа елдеріне заңсыз өтпек болған Ауғанстан азаматтарының жолы кесілді.

Заңсыз көші-қон арнасын ҰҚК ШҚ «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен анықтады.

«16 наурызда лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру әрекеті кезінде Ауғанстанның 4 азаматы ұсталды. Тергеу материалдарына сәйкес, бұл қаражат шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға арналған», - делінген ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар