Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Асыранды балаларына ит-мысықтың етін жегізген емшіге қатысты жаңа дерек шықты

11:14, 05 маусым 2024 2360

Журналист Гүлмира Әбіқай "асыранды балаларына ит-мысықтың етін жегізіп, аттың ауыздығымен асырандыларды төпелеп ұрғаны, үйінде құл мен күн ретінде ұстағаны" хабарланған емшіге қатысты жаңа дерек бөлісті. Оқырманы журналистке емші, бақсыға қатысты тың дерек айтқан, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында республикалық арналар “Әруақты емші” деген желеумен дүркін-дүркін хабарлар жасап, газеттер сала-құлаш мадақтау мақалалар жазған Ұлықбек Сманов хақында айтты. Емшінің өзін бала жастан танитын оқырманы әрі Ұлықбек Сманов қарындасының жазбасын бүкпесіз жекізді. 

Ұлықбек Сманов Оңтүстік өңірде, Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылында туып өскен. Ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. Нақты жасы 51-де. Әжесінің айтуынша, бала кезде кешкісін Бадам өзенінің жағасында ұйықтап қалған, содан ауытқу басталды. Көрші-қолаң мазақтап күліп, ата-әжесі “баламыздың өз әлемі бар” деп қорғаштайды. Есейе келе ауытқуы асқынып, психдиспансерде емделгені рас. Кейін "әруақ қонды" деп арқасы қозып, өздігінен сағаттап сөйлей бастайды. Өзі де зікір оқып, қамшымен дем саламын деп жүрді. Арасында қазақ-араб университетін оқыдым деген, 2010-шы жылдары Отырар колледжінде музыкадан сабақ та берген. Кейін үйленіп, мал бағып, малды-жанды болып тұрмысы көтерілді. Индира жеңгеміз біртоға, жуас, тек бала көтере алмады. Ұлықбек ағам екеуі әжемді өле-өлгенше бағып қарады.
“Бір биеден ала да, құла да туады” демекші атам мен әжем ауылға сыйлы жақсы кісілер еді, артынан мынадай сөз еріп…

Кейіннен журналистің оқырманы психиатриялық ауруханада есепте тұрған емшінің 6 баланы асырап алуына жол бергендерге күйінеді: 

Ол психбольницада учетта тұрса, асырауға 6 баланы кім берді, неге берді, неге тексермеген? Бұл үйде 6 бала барын біз, тіптен, білмедік. Әлде жүйке ауытқуын біліп, бауырымызды біреу подставить етті ме екен? Ақшаға мұқтаж емес, мал-жаны бар адам. Өмір бақи қараусыз мысық-күшікті жағалап, артынан шұрқыратып тамақ беріп жүретін. Егер, 4 жыл бойы 6 балаға ақша алып келсе, оны қайда, кім жұмсады екен? Сауал көп, жауап жоқ. 

Сонымен қатар, журналист қазір Ұлықбек Смановтың қазір психоневрологиялық диспансерге жатқызылғанын жазды. 16 жастағы ұл мен қыздың Шымкент қалалық қиын жағдайға түскен балаларды бейімдеу орталығына орналасқанын,қалған 4 баланың (кішісі 4-те) бөбектер үйіне орналастырылғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұдан бұрын да Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева, полиция мен қалалық білім басқармасының қорғаншылық бөлімінің қызметкерлері Ұлықбек Сманов пен оның жұбайы Индираның үйіне барған соң жантүршігерлік деректер пайда болғанын жазғанбыз. 

Белгілі болғандай, осы жылдар бойы бұл отбасындағы балалар ұл емес, күң болған.

Балалар үйіне 2017 жылы 9 жасында келген Алеша есімді ұл балалар үйіне қайта оралғысы келетінін айтқан. Ол бұл өтінішті тәрбиешісіне бірнеше рет қайталаған. Себебі, қамқоршылық органың оның бұл өтінішін ұмытып кете ме деп алаңдаған. Сондай-ақ ол анасымен кездесуді армандайды екен.

"Әкем анамды ұрды, содан кейін олар ажырасып кетті. Біз әжеммен бірге тұрдық. Анамның ақшасы жоқ, аяғы мен қолы сынған. Мен мектепке барғанда анам екеуміз басқа адамның үйінде тұрдық, ол мені ешқашан ренжітпеген", - деп еске алады Алеша. 

Бала оқыған мектептің ұстаздары оны неліктен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, содан кейін балалар үйіне тапсырғаны және анасын ата-ана құқығынан айыруға нақты не себеп болғанын айтпады.

"Біз кезек-кезек кірдік. Ол бәріне қарап, өзіне кім сәйкес келетінін таңдады. Ол мені таңдайтынын айтты. Егер мен оның ұлы болуға келіссем, анамды табуға көмектесетінін, сөйлесіп, кездесіп тұратынымызды айтты. Ол мені алдады", - деп еске алады бала асырап алу сәті туралы. 

Алешаның айтуынша, ол  бірінші рет балалар үйінде қалған достарын шақырғаны үшін соққыға жығылған. Кейін әкесі де, шешесі де оны үнемі соққы жыққан. Бала малшы болған. Ол үш жыл бойы отбасының малын бағып, қорасын жинап, сабақ үстінде көзіліп алатын болған. Алайда сол кездегі Алексей оқитын №95 мектептің ұстаздары тынымсыз еңбектен қажыған баланың жағдайына немқұрайлы қараған. Оқушы бетіндегі көгерген іздер мен сызаттардың қайдан пайда болғанын сынып жетекшісіне айтқанымен, мұғалім дабыл қақпаған. Шамасы, мұндай мұғалімдер үшін ұрып-соғу қалыпты нәрсе болса керек. 

Үлкен ұлдарынан кейін Смановтар бір қыз, кейін егіз бала мен тағы екі ұлды асырап алған. Балаларды Алматы, Астана және Өскеменнен алып кеткен. Ең кішілері үш-төрт жаста. Балалардың құқықтарын қорғау міндеті жүктелген шенеуніктерді неліктен ерлі-зайыптыларға көп бала асырап алғаны, оларды қалай тәрбиелейтіні және олардың емдеуімен оңалтуымен қалай айналысатыны қызықтырмаған.

"Мен оларды аядым, олар кішкентай еді. Бізге тамақ берген кезде мен оларды да тамақтандырдым. Біз иттің етін жедік. Кейде мал өлген кезде бізге жеуге беретін. Бәріміз бір бөлмеде еденде жаттық. Суық болды, әрі қарнымыз аш болды. Тамақ жегіміз келетін. Түнде оятатын, сосын малдың соңынан кететінмін", - дейді үлкені інілері мен қарындасы туралы. - 

Алеша 16 жасқа толған туған күнін Шымкенттегі кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында, небәрі бес жастағы інісімен бірге қарсы алған. Жігіт әлі жеке куәлігін алған жоқ, өйткені ол асырап алған әкесі қойған есімін өзгертуі керек. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар