Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда кітап оқуға баулитын жобалар артуда

15:29, 29 мамыр 2024 414

Алматыда сәуір айының он алтыншы жұлдызында «Жас қалам — жаңа роман» атты жоба аясында белгілі қаламгерлердің 3 романы жарыққа шықты. Қазақ әдебиетіне қосылған үш романның қалың оқырманға берері мол. Қазақ жазушысы, танымал прозашы, әрі журналист Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» атты, жазушы Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам», Әлібек Байбол «Мұтылған» атты кітаптары жарық көрді.
Кітап сүйер оқырман мен біршама ақын-жазушылар қатысқан кітаптың тұсауы Ұлттық кітапханада кесілді.

Жаңашыл жазушы Мақсат Мәліктің "Абыл мен Қабыл" романы ерекше стильмен жазылған. Өзі төрт бөлімнен тұрады. Шығармада сиам егіздерінің тағдыры мен ғұмыр жолы жан-жақты талданған. Сонымен қатар, жақсылық пен жамандық та, ақ пен қара секілді адам психологиясының ерекшеліктеріне көрініс тапқан.  Автор шығарманы небәрі 3 ай көлемінде жазып шыққан. Шығарма кейіпкерінің образы мифтік жанрдан қазіргі күннің кейіпкерлеріне айналдыра жазған. Әрі сиам егіздерінің өмірімен қатар, Қазақстанның саяси өмірі, адамдардың құқығы жөнінде де ой қозғалған. Автор шығарма тікелей аңыз бойынша жазылмаса да, кейбір контекстерінің бір екенін айтады.

Сонымен қатар, басқа да жазушылардың еңбектерін оқырманға таныту, насихаттау, кітапқа баулу мақсатында қалада түрлі кітап жәрмеңкелер, кештер, фестивальдер өтіп тұрады. Солардың бірі, KitapFest-2024 фестивалі. Шара Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай өткен. Аталған іс-шараға қаладағы бірнеше баспалар, әрі кітапсүйер оқырман да көп қатысты. KitapFest-2024-те жылдағы дәстүр бойынша баспалар тарихи, ғұмырнамалық, әдеби шығармаларды өз бағасынан оқырманға арзан ұсынды. Сонымен бірге ғылыми-танымдық шығарманың да тұсауы да кесілді. Ол жас жазушы Ильдар Халитовтың «Қазақстан метеориттері» деп аталатын ғылыми еңбегі.

Автор өз кітабында соңғы 183 жылда Қазақстан аумағына құлап, ресми тіркелген 23 метеорит туралы айтады. Олардың кейбіреулері астероидтардың фрагменттері, басқалары жойылған планеталардың фрагменттері. Атмосферада метеориттердің көпшілігі жанып кетсе де, жыл сайын Жер бетіне шамамен 500 метеорит жетеді. Халитов өз кітабында мынадай деректерді келтіреді: осы 500 метеориттің жиырмасы ғана табылды, үш жүз елу мұхитқа түседі, ал жүз отыз құрлыққа түседі.

Бұл ғарыштық шетелдіктерді іздеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар тобы бар. Ғылымдағы жетістіктердің арқасында олар метеориттің траекториясын алдын ала болжай алады. Табылған метеориттерді зергерлік бұйымдарда қолданатын коллекционерлерге, мұражайларға немесе зергерлерге сатады. Метеориттер ғылым үшін маңызды, өйткені олар ғалымдарға біздің Ғаламның құрылымын жақсырақ түсінуге көмектеседі.Тіркелген кезде метеориттерге әдетте жақын маңдағы қауымдастықтар, өзендер немесе көлдермен байланысты атаулар беріледі. Метеориттердің негізгі кластарына тасты, темір және тасты темір метеориттер жатады. Халитов метеориттердің халықаралық ресми тіркелген деректер базасын пайдалана отырып, қазақстандық іздеушілерді тауып, жергілікті метеориттердің фрагменттерін жинауға кірісті. Метеориттерді сатуды жеңілдету үшін жиі үлкен тасты кесектерге кеседі. 1 грамм метеориттің құны шамамен 1 долларды құрайды.

Фестивальда сонымен қатар тәлімі мол шеберлік дәріс те өткен. Оны белгілі диктор маман, мәдениет қайраткері Аманжол Еңсебайұлы өткізді. Диктор жастар мен оқырмандарға қажетті дағдыларды, атап айтқанда мәнерлер оқудан шеберлік дәрісін өткізген.

Жалпы, қазақ жазушыларының сонымен қатар шетелдік танымал кітаптарды оқырманға насихаттау насихаттау мақсатында өтетін шаралардың қатары осымен шектелмейді. Мамыр айының 26-жұлдызында да Алматы қаласында Bookvibe жобасы аясында кітап жәрмеңкесі өтті. Шара сағат 10:00-де Арбат алаңында басталып, 18:00-ге дейін жалғасқан. Шараған келген, белсенді оқырмандар саны толассыз артқан.

Жобаның басты мақсаты – қала жастары арасында кітапқұмарлардың санын арттыру, кітап авторлары мен оқырмандардың бір-бірімен рухани байланыс орнатуына мүмкіндік жасау. Бұл жобаның бір ерекшелігі жастар мен қала тұрғындарының назарын аудару үшін жәрмеңкеге белгілі қонақтар шақырылған.

Баспагер Бақытжан Бұқарбай:«Қазір бәрі өзі туралы кітап жазып кетті ғой. Оның ішінде оқуға тұратын жақсысы, немесе түкке алғысыз нашары бар. Алайда кітаптың көп болғаны дұрыс деп есептеймін. Егер сіздің кітап оқуда мақсатыңыз болмаса, сіз басқа біреудің мақсатын орындайсыз», - деп өз ойымен бөлісті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жәрмеңкеде кітап сатып алушылардың қатары азайған жоқ. Bookvibe жобасына қатысатын баспалар санының артуы қуантарлық өзгерістердің бірі. Олардың ішінде Family Book, «Қыр баласы» ҚФ, «Qasym» баспасы, Qazyna&Ummastore, «Ziyat», «Atamura», «AmalBooks», «Aruna», Steppe&World, «ADAL KITAP» және т.б. баспалар келіп қатысқан.

Жәрмеңке қатысушысы Нұрназар: «Мен мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруын қолдаймын. Жәрмеңкеде қазақ әдебиетін, сондай-ақ шетел әдебиетінің қазақ тіліне аудармаларын көруге болады. Мұндай көрмелер алдағы уақытта тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында да өткізілуі керек деп ойлаймын», - деп жәрмеңкеден алған әсері мен сезімімен бөлісті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар