Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда өгей қызын өлтірген журналист 20 жылға сотталды

16:24, 18 наурыз 2024 486

Бүгін Алматыда жеті жасар Карина Закураеваны өлтіру фактісіне қатысты сот үкім шығарды. Оны өлтірді деп айыпталған өгей шешесі Балжан Тұрлыбек кінәлі деп танылды. Ол сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамды өлтіру») бойынша сотталды.

«Сот қылмыстық істі қарап, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды», - деді сот отырысында төрағалық етуші Ерлан Болатов.

Айта кетейік, сотталушы Балжан Тұрлыбек 2022 жылдан бері бірінші некесінен кішкентай қызы бар азаматпен бірге тұрады. Кішкентай қыз қуығы ұстамайтын аурумен ауырған.

2023 жылдың жазында сотталушы баланың бұтына жіберіп қойғанын байқаған. Содан жағымсыз иісті сезіп, ашуланған. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол өгей қызының мойнынан ұстап, басынан ұра бастаған. Артынша оны жуынатын бөлмеге сүйреп апарған. Сол жерде ол басын ваннаның шетіне қатты соққан. Бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар