Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы модернизациялануда: жеке инвестициялардың арқасында техника мен бизнес-кеңістіктің жаңа өндірісі

15:43, 11 қараша 2024 150

Алматы модернизациялануда: жеке инвестициялардың арқасында техника мен бизнес-кеңістіктің жаңа өндірісі

Алматы кәсіпорындарына асфальтта құдық люктерінің саңылауын дәлдікпен кесуге арналған арнайы фрезерлі техника.

  Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданында жеке инвестиция есебінен ашылған жаңасауда-кеңсе ғимараты мен арнайы техниканы құрастыруцехының жұмысымен танысты.

 1,8 га жер учаскесінде «Евразия СТ» компаниясы ғимараттыр еконструкциялап, оған іргелес аумақты көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі– 3 млрд теңге, бұл 50 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

 Биыл қазан айында компания «Eurasia Special Machines» (ESM) коммуналдық машиналар мен жабдықтардықұрастыру цехын іске қосты. Мұнда жолдарды күтіп ұстаужәне тазалау үшін әртүрлі әлемдік брендтердің арнайы көлік құралдары мен жабдықтарын жинау жоспарланып отыр.

 Компания болашақта техника түрлерін көбейтіп, жобалыққуатқа шыққанда жылына 30 көпфункционалды «Pony P4» машиналары, 50 су себу кешендері, 30 қоқыс таситынмашина, 50 көктайғаққа қарсы материалдарды тарататын құрал және басқа да техникалар шығарады деп күтілуде. 

 Алматы көшелерін санитарлық тазалауға жауапты «Алматы Тазалық» кәсіпорны бірнеше электрлі әмбебап тротуар тазалайтын машиналар, аралас жол тазалау машиналарыжәне сұйық реагенттерді таратқыштарды сатып алды.

 Кешен аумағын аралау барысында мегаполис басшысына канализациялық құдықтарға арналған неміс өндірісінің фрезерлік техникасы таныстырылды.

 «Біз бұл техниканы ұзақ күттік. Баршамызға белгілі, қалада люктердің айналасындағы асфальт негізінен қолменөңделеді, ал бұл техника жабындыны дәл мөлшерде фрезерлеп, люктерді дұрыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұлеңбек өнімділігін арттырады. Әрбір аудан және жолдардағылюктерге қызмет көрсететін су және жылумен жабдықтаукәсіпорындары осындай техникамен жабдықталады. Қалаүшін көшелерді тазалауға, жолдарды жөндеуге арналғансапалы көпфункционалды техниканың болуы маңызды», – деді Ерболат Досаев. Сондай-ақ, бұл бағытта жұмысістейтін кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар