Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы қалалық мәслихатының сайлауы ашықтығымен ерекшеленбек

11:44, 05 қазан 2023 202
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». Осы өлең жолын шамалы өзгертіп, бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгерек деп те айтуға болатындай. Олай дейтініміз, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихат депутатының сайлауын бекітті. Бұл кандидаттар Алматы қаласының № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғандардың орнына сайланады.  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сай сайлау 29 қазанға бекітілген. Естеріңізде болса, Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 30 тамызда басталған болатын.

«Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназия» - округ орталығы болып табылады. Ал округтың аумағы Алматының едәуір бөлігін алып жатыр.

Мәселен, Райымбек даңғылынан басталып, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының батыс жағымен көтеріліп, Абай даңғылына дейін жетеді. Одан кейін Абай даңғылының солтүстігімен батысқа қарай бұрылып, Мұратбаев көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Ары қарай Мұратбаев көшесінің шығыс бөлігімен солтүстікке бұрылып күйші Құрманғазы көшесіне дейін жалғасады. Содан кейін, Құрманғазы көшесінің солтүстігімен бірден батысқа қарай тартып отырып Мұқанов көшесіне тіреледі. Округ шекарасы осы аумақпен шектелмейді. Мұқанов көшесінің шығысымен солтүстік бағытқа қарай Төле би көшесіне тіреліп тоқтайды. Одан ары Төле бидің оңтүстігімен шығысқа қарай құлдап Мұратбаев көшесіне жетеді... Осылай жүріп отырып, бұл округ әуелді Райымбек даңғылынан шығысқа қарай Назарбаев көшесімен аяқталады.

Қазақстан Республикасындағы биылғы сайлау процесінің ашықтығы бұрынғы сайлаулардан өзгерек болатыны туралы айтылуда. Сайлаудың ашықтығы, демократиялық талаптарды сақтауы талапқа сай болады. Бұл туралы сайлаушылар мен сайлауды бақылайтын қазақстандық сарапшылар айтып отыр.

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?