Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада 100 әскери қызметкердің қатысуымен арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтті

19:50, 21 қыркүйек 2024 39

Елордада түрлі бригадалардың әскери қызметкерлері қатысқан 10 күндік тактикалық-арнайы оқу-жаттығу аяқталды. Аталған арнайы дайындыққа әскери батальондардан 100 адам қатысып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюдың теориялық және практикалық аспектілері бойынша оқытылды.

Оқу-жаттығудың қорытынды кезеңінде негізгі тактикалық элементтердің көрсетілімі, оның ішінде: ғимараттың қирауы кезіндегі су тасқынының салдарын жою, өртті сөндіру, жарылғыш заттарды анықтау және жою, ғимараттардың қирауы кезінде табылған химиялық заттармен күресу қамтылды. Оқу-жаттығу барысында мұндай оқиғаларға ден қоюда маңызды рөл атқаратын бөлімшелердің үйлесімді жұмысына ерекше назар аударылды.

Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Омар Орынбаевтың айтуынша, оқу-жаттығулар жылына екі рет өткізіледі. Сәуірде олар ерекше маңызды нысандарды қорғауға арналған, ал ағымдағы оқу-жаттығулар қазіргі жағдайда ерекше маңызды болып табылатын төтенше жағдайларды жоюға бағытталған.

«Қатысушылар алған білімдерін практикада тиімді қолдану үшін біз толыққанды өртке дайындық сабақтарын, сонымен қатар теориялық сабақтарды өткіздік», - деп атап өтті полковник Орынбаев.

Елордадағы №36 орта мектепте оқу-жаттығу дайындығының аяқталуы бойынша өткен қорытынды шара, дайындық нәтижесі бойынша тәжірибелік iс-әрекет жүзінде қойылған тапсырмалардың сапалы орындалғанының, әрі дайындықтың жоғары деңгейде өткенін көрсетті. 

Сонымен қатар, оқу-жаттығу дайындығына келген әскери міндеттілердi мамандықтары бойынша дайындайтын жауынгерлік дайындық бойынша командир орынбасары Алибек Еспагамбетов дайындық барысы туралы айтып берді. Айтуынша, жауынгерлерді дайындаушы мамандар қатысушыларға бұрынғы әскери қызметте оқып үйренгендерін еске түсіріп және бөлімшелерді үйлестіруге, әрі тәжірибелік іс-әрекеттерге баулыған. 

Жаттығуда тактикалық элементтерден басқа зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері көрсетілді. Мұндай оқыту төтенше жағдайлар кезінде әртүрлі бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге және халыққа ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?