Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Almaty TV арнасына – 25 жыл

13:01, 13 маусым 2024 246

1999 жылы құрылған Almaty TV – еліміздегі бұрыннан келе жатқан телеарналардың бірі. 200-ден астам адам қызмет ететін ұжым ширек ғасыр бойы отандық медиаиндустрияның дамуына өзіндік үлесін қосып келеді деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Almaty.tv-ге сілтеп.

Сол кездегі аймақтық ресурстың алғашқы эфирі небәрі 3-ақ сағат болған еді. Алғашында спектакльдер, фильмдер, сондай-ақ жаңалықтар эксперимент ретінде таратылды. Кейіннен шығармашылық топтың күш-жігері мен ерен еңбегінің арқасында телеарна көрермендердің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөлене бастады.

Өндіріс барысында ақпараттық-сараптамалық, мәдени, танымдық жобаларға басымдық берілген соңғы жылы 10 000-нан астам жаңалықтар сюжеті, арнайы репортаж бен деректі фильм, сондай-ақ 30-дан астам бағдарлама мен телехикая жарыққа шықты.

Телеарнаның бас директоры Тимур Базарбаевтың айтуынша, Almaty TV 25 жылдық мерейтойында көрермендерін екі жаңа маусымымен қуантпақ. Олардың бірі көктемде көрерменге жол тартқан еді. Күзгі маусымға тағы да бірнеше ғажайып, рухты шоу және телеарнада өндірілген 7 телехикая дайындалып жатыр.

«Мерейлі жылы біздің ұжым әлеуметтік және қайырымдылық бағытында 40-қа жуық шара өткізбек. Мысалы, жаңалықтар эфирінде «25 қайырымды іс» айдары, ал digital-платформамызда балаларға арналған «Арманыңа жет» жобасы жарыққа шығады. Осы сәтті пайдаланып, сөз соңында көрермендерімізге ризашылық білдіргім келеді. Сіздердің қолдауларыңызбен телеарнамыз жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін», - деді Тимур Базарбаев.

Атап айтарлық жайт, 2022 жылдың тамызынан бастап Almaty TV республикалық мәртебе алып, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын арналар тізіміне енді, ал оның аудиторияны техникалық қамтуы 47 пайыздан 89 пайызға өсті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар