Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда 50 жеке сот орындаушысы жауапқа тартылды

14:27, 16 қыркүйек 2024 380

Алматы қаласының прокуратурасы әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың заңдылығы тұрғысынан талдау жасады, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

ЖСО-ның 1000-нан астам борышкерге қатысты олардың банктік шоттарына және мүлкіне тыйым салу жөнінде шаралар қабылдамаған фактілері анықталды, жалақыдан берешекті ұстап қалу жүргізілмеген, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылмаған.

Бұзушылықтар борышкерлердің сот актілерін орындаудан ұзақ уақыт жалтаруына және бюджетке қаражат түспеуіне әкеп соқтырды, осылайша жазаның бұлтартпастық қағидаты бұзылды.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 50 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 1 ЖСО-ғақатысты оны палатадан шығару рәсіміне бастама жасалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар