Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда ер адам тапа-тал түсте үйінде отырған 11 жастағы қызды зорлап кеткен

11:05, 10 қазан 2024 948

Үйінде жалғыз қалған 11 жастағы қызды бейтаныс адам келіп зорлап кеткен, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Анасы жұмысқа, үлкен әпкесі сабаққа кеткен. Үйдің құлпы ашық тұрған. Тапа-тал түсте мас ер адам кіріп, 11 жастағы қызды зорлап кеткен. Ешкімге айтпауын өтініп, қорқытып келкен. 

«Маған қызым хабарласып, үйге белгісіз ер адамның келгенін айтты. Айғайламас үшін аузын жапқан. Жерге жатқызып, шешіндірген. Ісін бітірген соң, «ренжіме» деп қолын сүйіп, ешкімге айтпа деп қорқытып, кетіп қалған», — дейді қыздың анасы.

Полицияның хабарлауынша, күдікті ұсталған.

«Үйдің есігі ашық тұрған. Қыз бала үйде жалғыз болған. Күдіктіге қарсылық көрсете алмаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Сараптама тағайындалды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді Алматы Полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?