Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне орай митинг-концерт өтті

11:14, 08 наурыз 2023 279
«Анаға мың тағзым» атты шараның тақырыбы жас ұрпақты даланың біртуар әйелдері үлгісінде тәрбиелеу болды.

Шара Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда өтті. Оны «Еріктілер лигасы» қоғамдық қоры мен «Қазақстан ата-аналар одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.



Қазақстан ата-аналар одағының тең құрылтайшысы Бағила Балтабаеваның айтуынша, саябаққа 700-ден астам азамат жиналған. Бұл ата-аналар, еріктілер, аға буын өкілдері.

Сахнадан қоғам белсенділері, танымал блогерлер ата-аналарға, балаларға, жастарға үндеу тастады. Салауатты өмір салты, оқу, ата-ананы құрметтеудің маңыздылығы туралы әңгімеледі. Мысал ретінде туған жерін қорғаған даланың ұлы әйелдерінің есімдері аталды, олардың арасында Томирис, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова бар. Жастардың үйлесімді дамуы үшін олардың өмір жолын зерделеудің, жас қазақстандықтарды Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді.

Бағила Балтабаева атап өткендей, шара «Еріктілер Лигасы» мен «Қазақстан ата-аналар одағының» бірлескен меморандумы аясында ұйымдастырылған жобалардың бір бөлігі болды. Бұл салауатты өмір салты, патриотизм, тарихты зерделеу, даланың халықтық әдет-ғұрыптары тақырыптарында семинарлар, тренингтер. Осындай тәрбиелік мәні бар жобалар барысында, әсіресе, ата-анаға құрмет, аға ұрпаққа құрмет көрсетудің маңыздылығы сөз болады.

Шара барысында танымал өнерпаздардың концерті өтті. Сондай-ақ, қолөнер бұйымдарының, дәстүрлі зергерлік бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ғасырдан ғасырға жетер, дала қожайындары дайындаған дәстүрлі бұйымдар ұсынылды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар