Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Беларусьте Нобель сыйлығының лауреаты Алес Беляцкий 10 жылға сотталды

12:15, 06 наурыз 2023 287
 


Беларусьтің астанасы Минск қаласының соты бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Алес Беляцкийді 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Deutsche Welle басылымының хабаралуынша, «Весна» құқық қорғау орталығының басшысы «Контрабанда» және «Көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру немесе өткізу тәртібін бірнеше рет бұзу» (Беларусь Қылмыстық кодексі 228-бабының 4-бөлігі және 342-бабының 2-бөлігі) үшін кінәлі деп табылған.

Беляцкиймен бірге бұл іске қатысты оның орынбасары, Халықаралық адам құқықтары федерациясының (FIDH) вице-президенті Валентин Стефанович, «Весна» заңгері Владимир Лабкович пен құқық қорғау орталығының мүшесі Дмитрий Соловьев «Весна» орталығы ісі бойынша сырттай сотталды. Олар тиісінше 9, 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Беляцкийдің соты әлемдік қоғамдастықта кең резонанс тудырды. Бір күн бұрын 21 халықаралық құқық қорғау ұйымы, соның ішінде Human Rights Watch ұйымы Беларусьте заңсыз тұтқындалған және түрмеде отырған барлық құқық қорғаушыларды дереу босатуға шақырған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар