Байқауға 1-11 сынып оқушылары қатыса алады. Онда оқушылар үш бағыт, яғни театрландырылған қойылым қою, кадрда оқу, поэтикалық баттл бойынша бақ сынасады. Мәселен, театр бағытында бастауыш сынып оқушылары ертегілерді сахналайды. Басты талапқа сай қойылым балаларға жақсы ой салатын, тағылымы мол болуы керек.
129 ЖББ мектеп директорының орынбасары Сурия Даутова: «Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйретіп, олардың кітап оқуға деген ынтасын ояту. Байқауға 1-11 сынып оқушылар қатыса алады. Байқау мектепішілік, аудандық және қалалық үш кезеңнен тұрады» дейді.