Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әмин” деп дауыстап айтқаны үшін мешітте сұмдық төбелес болды (ВИДЕО)

11:03, 14 мамыр 2024 529

Әлеуметтік желіде "әмин" деп дауыстап айтқаны үшін мешіттегі болған төбелестің видеосы тарап жатыр,деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Төбелес Сарыағаш қаласындағы «Abdusattar» мешітінде болған. 

Имам «намаз үстінде «Әмин» деген сөзді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмин» деп дауыстап айтқан. Бұған шыдамаған біреу әлгіні бетінен ұрып, шалқасынан түсіреді.

Желі қолданушылары оқиғаның қызу талқылап жатыр.

«Бұл клоундардың жауабы дайын ғой – «Алланың қалауымен ұрған ғой, Алланың қалауы солай болар?», «Секта арасындағы алауыздық», «Көркем мінезі деген осы», «Дұрыс қой осылай төбелес болып тұрған, әйтпесе бәрі мешіттің табалдырығын аттай сала мүләйімсіп, бейшара бола қалады», «Көңілді видео екен», - деп жазып жатыр оқырмандар.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар