Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әнші Тұрлыханов еді, енді қалай аталар екен?

09:17, 16 қаңтар 2024 256
Тұрлыхановтардың аты көшедегі қызды, үйіндегі  әйелін ұрумен шығып тұр. Алматы соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарған.

Соттың хабарламасында: «Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарауды аяқтады.Бұған дейін бірінші сатылы сот Р.Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған.Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді», - делінген.

Алматы қалалық сотының алқасы, Алматы қаласының МАӘҚС қаулысын өзгерті.

ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігі – әкімшілік ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қарастырады.

Сот алқасының қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді. Қаулы заңды күшіне енді
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?