Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Мені өлтіріп, билік төңкерісін жасамақшы күштер бар" дейді.
Ол «Жоғарғы Кеңестің депутаты Эмиль Жамғыршиев өзбек мафиясының басшысы Салимбай акаға хат жазып, Менің және Ташиевтің көзін жоюға көмек сұраған», - деді.
Бүгін Қырғыз ҰҚҚ елдегі бірқатар БАҚ редакциясы мен ондағы қызметкерлердің үйлеріне тінту жасап жатыр.
Билік бұл әрекетті: «Жоғарыда аталған басылымдарда жарияланған материалдарда наразылық акциялары мен жаппай тәртіпсіздікке шақыру белгілері табылды», - деп ақтауға тырысуда.
Жалпы байқалатын тенденция:
Биліктегі екі дос қолындағы қамшыны қысып ұстауға тырысуда. Көлбаевтың қазасы, Мадумаровтың тұтқындалуы, Кемпір-Абадшылардың қамалауы, Арыстан Алайдың кенет қазасы, Текебаевқа ақпараттық шабуылдың күш алуы т.б.
Осы істердің барлығы дерлік бір-бірімен сабақтасады.