Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Антикор Балық шаруашылығы комитеті басшыларының сотталғанын мәлімдеді

14:50, 19 маусым 2024 393

"Су басынан тынады, Балық басынан шіриді". Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров Балық шаруашылығы комитетінің басшылары сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі жемқорлықты анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылық министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды. Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді Агенттіктің ресми өкілі.

Сонымен қатар аталған азаматтар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деді Биғайдаров.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар