Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін қайта қарап жатыр

19:00, 03 шілде 2024 719

Бүгін, яғни 3 шілде күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының апелляциялық алқасы мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, сондай-ақ оның жұбайы мен адвокатына қатысты істі және үкімді қарайды. Бұл туралы Alash.kz сайты Stan.kz порталына сілтейді. 

Сот кабинеті істі 15:00-де қарайтынын айтты.

Арыстанбек Мұхамедиұлы сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Миллиардтаған қаржы жымқырып, жекеменшік мектепті заңсыз иемденді деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталған еді. Оған екі эпизодты қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шықты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар