Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақсақалов ашулы: Қостанайлықтарға ескерту жасады

19:55, 05 сәуір 2024 283

Тобыл арнасынан асайын деп тұр. Су қоймасынан судың тасуына байланысты Тобыл өзені арнасынан асып, Қостанай қаласының шеткі аудандары мен елді мекендерін су басуы мүмкін.

Қостанайда қазірдің өзінде Тобыл өзені жағалауды басып, бақылау алаңдары су астында қалды. Су деңгейі сағат сайын көтерілуде. Жергілікті билік шағын көпірде кептеліс болмас үшін өзен арнасын жасанды түрде кеңейтіп, су ағызатын арық жасап жатыр.

Тобыл маңында орналасқан үйлерді, сауда орталығы, мейрамхана және демалыс орындарын су басып қалуы мүмкін.

Барлық аудан және қала әкімдеріне су тасқынына қарсы іс-шаралардың кешенді жүргізілуін қадағалауды тапсырамын. Біз тап болған жағдай оңтүстік өңірлердегідей кенеттен болған жоқ, даладан су көп келді. Сіздерде барлық қажетті шараларды қабылдауға жеткілікті уақыт болды және әлі де уақыт бар. Бір жарым-екі күндей қалды. Осы уақыт ішінде зардапты болдырмауға күш салыңыздар. Егер кімде-кімнің мүлкін, үйін немесе кәсіпорнын су басып қалса, жауаптыларға қатаң шара қолданылады, - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Қостанай облысының аймақтарында 25 наурыздан бері еріген сумен күрес жалғасып жатыр. Шараға мыңнан астам адам қатысуда. Су тасқыны басталғаннан бері 1284 адам құтқарылды, оның 408-і балалар. Ресми деректерге қарағанда, су тасқыны оңтүстіктен облыс орталығына біртіндеп жылжи бастады. Құтқарушылар су өтіп кеткен жерлерде сценарий қайталануы мүмкін дейді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар