Крокустағы лаңкестік әрекеттен кейін ұсталған Шешенстанның тумасы Асхаб Успанов Мәскеу полиция бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz сайты 1ADAT телеграм арнасына сілтеме жасап.
- Успанов әйелінің жұмыс орнына бара жатқан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталғанын баяндады. Кейін әйеліне қоңырау шалып, бөлімшеге келуін өтінген.
- Успановтың әйелі полицияға екі сағаттан кейін барған. Барлығы кеш еді, себебі күйеуі бөлімшеде қайтыс болған.
- Асхаб Успанов Шешенстанда жерленген. Анасының айтуынша, оның Крокустағы терактіге қатысы болуы мүмкін емес еді.
1ADAT телеграм каналы сәл өзгеше деректерді ұсынады:
- Терактіден кейінгі түні Успанов аялдамада тұрған сәтінде оған бетперде киген адамдар шабуыл жасаған. Олардың қандай адамдар екенін түсінбегендіктен қарсылық көрсеткен.
- Кейінірек олар құқық қорғау органының қызметкерлері екені белгілі болды. Олар Успановты лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұстап әкеткен.
- Жауап алу кезінде құқық қорғау органдары азаптау фактісін қолданған. Оған дәлел, Успановтың қабырғалары мен омыртқасы сынған, сонымен қатар оның денесінде гематома белгілері анықталды.