Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ Путиннің "бейбітшілік жоспары" туралы түсініктеме беріп, оны "тәубеге келуге" шақырды

11:27, 15 маусым 2024 685

Путин Украинаның "бейбітшілікке жетуі" үшін НАТО-ға кіру ниетінен бас тартуын, территорияларын Ресейге беруін және демилитаризациялауды талап етті. Бірақ АҚШ Путиннің бейбітшілік шарттарын алға тартып,талап қоюға құқы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Владимир Путин Украинаға соғысты тоқтату туралы талап қоя алмайды,- деді АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин НАТО-ның штаб-пәтеріндегі журналистерге, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин бұған қатысты пікір білдірді:

Путин Украинаға қалай, қандай жағдайда бейбітшілік орнатуды, оған жету үшін үшін не істеу керегін айтатындай деңгейде емес, - деді ол. 

Украина бейбітшілік орнату туралы Путиннің талабына қатысты тіл қатып, талаптың тек Ресей әскерлері елден  толық шыққанда ғана мүмкін болатынын айтты.

Осы әділетсіз және себепсіз шабуыл кезінде жүздеген мың сарбаз жараланып, өлтірілді. Біз оны соғысты тоқтатуға және Украинаның егеменді аумағынан кетуге шақырамыз, - деп мәлімдеді АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?