Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар тағы істен шықты

11:02, 01 шілде 2024 548

QR-код арқылы жұмыс істейтін модульді дәретханаларда ақаулар пайда болды, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Жергілікті Lada.kz сайтының жазуынша, қазіргі уақытта Ақтауда 12 қоғамдық дәретхана жұмыс істейді, олардың бесеуі модульді, оларға қала тұрғындары QR-код арқылы төлем жүргізгеннен кейін ғана кіре алады.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде түсіндіргендей, техникалық ақауларға байланысты QR-код жұмыс істемейді.

«Осы себепті QR-код арқылы кіретін дәретханалар уақытша жабылды. Қазіргі уақытта мамандар қателіктерді түзету үстінде. Жақын арада барлық ақаулар жойылады деп сендірді шенеуніктер. Билік қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық дәретханаларды таза ұстап, гигиена заттарын қажетіне қарай пайдалануды, қалалық мүлікке зиян келтірмеуді сұрайды», - делінген ақпарат агенттігінің жазбасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар