Оқиға Хромтау қаласында, Есет батыр көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде болған.
Иілгіш жалғағыш газ шлангінің герметизациясының бұзылуынан табиғи газ жанған.
"Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 15 бала. Өрт сөндірушілер газды жедел жауып, лаулаған отты өшірді", – делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтар мен жағдайларды уақытында жоюды сұрайды.