Ақтөбе тұрғыны 39 жастағы әйелді өлтірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Әйел ауруханада ми жарақатынан қайтыс болды. Оқиға 14 қазанда Ақтөбедегі пәтерлердің бірінде болған. 55 жастағы ер адам бірге тұратын әйелімен ұрысып, мас күйінде оны ұрып тастаған.
Кейін әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасаса да, зардап шеккен адам екі аптадан кейін жабық ми жарақатынан қайтыс болды.
Күдікті ұсталып, қазір тергеуге алынды.