Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жолаушы қыздарға ашық түрде есірткі ұсынады". Белсенділер алматылық такси жүргізушілерінің әрекетін сынға алды

14:14, 31 қазан 2024 367

Алматы таксисттерінің әрекеті сынға қалды. Олар өздерін қоғамдық ортада дұрыс ұстамайтыны, солайша бейәдеп әрекет етуге ерік беретіні, жолаушы қыздарға ашық түрде есірткі ұсынатыны хабарланды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.

Таксиге отырған әрбір жолаушы құрмет пен қауіпсіздікті күтеді. Бірақ қандай да бір себептермен, шақырылған көлікпен жол жүру көптеген қыздар үшін нағыз сынаққа айналады.

Жаңа адамдардың «ТҰМАР» азаматтық науқаны белсенділері Алматыда тағы да рейд жүргізді. Қыздар арнайы қосымша арқылы таксиге тапсырыс берді және сапарды бейнежазбаға түсіріп алды. Нәтижелер көңіл көншітпейді. Жүргізушілер өздеріне орынсыз сұрақтар қоюға, ерсі ұсыныстар жасауға, әдепсіз сығалауға,  тіпті есірткі ұсынуға ерік берді. Қыздар күнделікті сапар кезінде осындай қарым-қатынасқа тап болады. 


Достарымыз, әпкелеріміз, аналарымыз таксиде келе жатқанда, қашанғы уайымдай бермекпіз? Жүргізушілердің бұл әрекеттерінің себебі –  жазасыздық.

«ТҰМАР» белсенділері жүйелі рейдтер жүргізіп, өздеріне жолаушы қыздардың жеке шекарасын бұзуға ерік беретін жүргізушілердің жүздерін жария етуді жалғастырады.  Жаңа адамдар қыздарды енді үнсіз қалмауға шақырады. Таксидегі алымсақтық  жағдайлары туралы айтыңыздар, полицияға арыз жазыңыздар. Олар енді біздің қорқынышымыздың артына жасырына алмайды. Ерте ме, кеш пе, олардың әрекеттері бүкіл Қазақстанға белгілі болады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?