Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде подполковник сарбазға жердегі кеспені жеуге мәжбүрлеп, ұрған, бірақ жазадан құтылып кеткен

19:34, 05 қазан 2024 561
 

Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеген. Бұйрығын орындамағаны үшін сарбазды соққыға жықты. Осы ісіне қарамастан, әскери қызметкер жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды Alash.KZ.

"Диапазон" басылымы жазғандай, Ақтөбе гарнизонының әскери сотында сотталушылардың орындығында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің зениттік зымыран дивизиондары штабының бастығы "51809" нөмірімен отырды. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қатардағы жауынгерді ұрды деп айыпталды.

Іс материалдарына сәйкес, жеке құрамды сапқа тұрғызу кезінде ол казарма жаққа кетіп бара жатқан бірнеше қатардағы жауынгерлерді байқап қалады. Сөйлесу барысында олардың түскі асқа кешігіп келгені үшін ескерту жасайды. Бір сарбаздың арқасындағы сөмкесінен бірнеше жылдам дайындалатын кеспе барын көріп, "аштан өліп барасыңдар ма?" деп оларды пакеттегі кеспені жеуге мәжбүрлейді. Кейін жерге түскен кеспені жеп қоюды бұйырады, бірақ сарбаздар бұл талапты орындаудан бас тартқан

Бұған ашуланған подполковник бір жауынгерді 8 рет құлағынан шапалақпен ұрып, кейін бетінен жұдырықпен ұрған. 

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, жәбірленушінің құлақ мембранасы мен сол құлақтың құлақ қалқаны жарылған.

Сотта айыпталушы қылмысын толық мойындады, бірақ жазаға тартылған жоқ. Соққыға жығылған сарбаз өзінің қарсыласымен татуласып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Сотталушы бұл шешімге қарсы болған жоқ. Нәтижесінде Ақтөбе гарнизонының әскери соты тараптардың татуласуына байланысты подполковникті қылмыстық жауапкершіліктен босатты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?