WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық атағын сақтап қалу үшін 5 күн уақыт берді, деп хабарлайды Alash.KZ.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына және оның командасына кезекті жекпе-жегінде не үшін WBO чемпиондық белдігін қорғамағаны туралы түсіндіруді сұрады.
Егер Жәнібек Әлімханұлының түсініктемесі WBO ережелеріне сәйкес келмесе, қазақстандық боксшы чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін.
Бұл жағдайда титул бос қалады және ол үшін WBO рейтингінің бірінші және екінші нөмірлері: британдық боксшылар Хамза Шираз және Дензел Бентли жұдырықтасады.