Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбенің бухгалтерлері балабақшаға бөлінген ақшаны бөлісіп алған

11:44, 21 қазан 2024 267

Бухгалтерлер балабақшаларға бөлінген 240 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған, деп жазады Alash.KZ.
 

Аталмыш оқиға Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандарындағы мектепке дейінгі мекемелерден анықталып отыр. 

Бухгалтерлер бюджет қаражатын жұмысшыларға қосымша сыйақыны негізсіз жоғарылату арқылы иемденген. Сондай-ақ жалақыны белгіленген соммадан артық аудару, аударымдарды қайталау, жалған іссапарлар арқылы жүзеге асырған.

Мәселен, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Осы қаражаттар ешқандай негізсіз есепшінің немесе балабақша меңгерушісінің жеке есепшоттарына аударылған, деп жазды atamekenbusiness арнасы.

Аудандық прокуратура білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 балабақша меңгерушісі мен 4 есепшіге (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуға) қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?